Елімізде жарты миллионға жуық адам тұрақты түрде бәс тігетін көрінеді. Олардың ұтқанынан ұтылғаны көп екені айтпаса да түсінікті. Тіпті, еліміздегі әрбір бес ажырасудың біреуіне осы бір зиянды әдет себеп болады екен. Ойын арқылы тез әрі көп ақша табамын деп отбасы, туыстары мен достарынан, жұмысынан, бар дәулетінен айырылған қаншама азамат бар. Бұған жарнамасы жер жаратын – «1XBET», тұрақты тұтынушылары бойынша көш басында тұрған – «OLIMPBET», бонусы көп – «Фонбет» секілді клубтар кінәлі емес пе? Еліміздегі казино, букмекерлік кеңсе, интернет ойындарды, жалпы ойын бизнесін қалай жабуға болады?