1 шілдеден бастап интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтін такси жүргізушілері мен курьерлер салық төлейді. Олар «eSalyq Business» мобильдік қосымшасын қолдана отырып, жеке кәсіпкер немесе қандай да бір компанияға жалдамалы қызметкер ретінде тіркелуі қажет. Тиісінше, ол шарт жасасу арқылы салық пен әлеуметтік төлемдерді аударуға міндеттеледі. Кейін платформа операторы қызметкерге айлығын төлеу кезінде тиесілі салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалады. Артынша, бұл мәліметтер автоматты түрде Мемлекеттік кірістер комитетіне беріледі.