Алматы облысында бүтін бір ауыл ащы судан алшақтағанына бес жылдан асыпты. Бояулы елдімекенінің тұрғындары тіпті той-томалақтың өзін ішімдіксіз өткізіп жүр екен. Бұл бастаманы ауыл ақсақалдары көтеріпті. Кейін халық та бірауыздан қолдаған. Осылайша дүкендердің бәрі сөреден алкогольді алып тасаған. Мүмкін ел болып, арақтан мүлдем бас тартуымыз керек шығар?