Қала тұрғындарының көпшілігі қоғамдық көліктердің қызметін күнделікті пайдаланатыны рас. Яғни күнделікті жұмыстағы адам таңертеңгі сағат 6- дан бастап түнгі сағат 22-ге дейін қоғамдық көліктің қызметін тұтынады. Көліктің қатынау аралығы көңіліңізден шыға ма? Жүргізуші жолаушылар қауіпсіздігін ойлай ма, әлде телефонмен сағаттап сөйлесе ме? Көліктің іші таза ма, жолаушылар мәдениеті жоғары ма?