Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады.. Тұрғындармен жүргізілген профилактикалық жұмыстарға қарамастан, жаздың үш айында адамдар суға кетіп жатады. Былтыр шомылу маусымында 184 адам, оның ішінде 62 кәмелетке толмаған бала суға батып кеткен. Оқиғаның көпшілігі жабдықталмаған жағажайда болған.