Су тасқыны басталғалы 4,2 млн метр кубтан астам еріген су сорылып, 403 мың тонна инертті материал төселді. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, осы уақытқа дейін 13 мыңға жуық адам құтқарылды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарында жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған. Авариялық-құтқару жұмыстарына 6 930 адам, 2 мыңға жуық техника және 8 әуе кемесі жұмылдырылды. Қаншама шығын. Сіз қалай ойлайсыз, су тасқынының алдын алуға болатын ба еді?