29 наурыз күні Ташкентте «Автокөліксіз күн» акциясы өткізіледі. Акция зиянды көлік газдарының ауа сапасына тигізіп жатқан теріс әсерін азайту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оның талабына сай, барлық билік органдарының басшылары мен қызметкерлері жұмысқа қоғамдық көлікпен келуі тиіс. Бізге де осындай талап енгізу қажет пе?