Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда Наурыз есімді 1472 адам бар, Наурызбай – 2940 адам, Наурызбек – 3206 адам, Наурызхан – 272 адам, Наурызгали – 145 адам, Наурызғали – 82 адам, Наурызгүл – 113 адам, Наурызгуль – 61 адам. Көктем есімді 25 адам бар, ал Коктем - 18 адам. Кумыс деген атпен тіркелген 472 адам бар. Ал Қымыз деген есіммен бір ғана адам тіркелген. Қазақстанда Курт есімді бес адам тұрады. Ата-аналары мұндай есімді қандай мақсатпен қойды екен?