Түркістан облысы Сарыағаш ауданында Б.Омаров атындағы № 50 мектептің оқушылары ұлттық нақыштағы киім киіп, сабаққа баруды күнделікті әдетке айналдырған. Бұл бастамаға мектеп ұстаздары да атсалысып келеді.
Сондай-ақ, білім ошағының ұжымы қазақ тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру және еңбек пәндерінде де ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерге басымдық береді. Бұл жаңалықты бүкіл елімізге енгізуге қалай қарайсыз?