2023 жылы тек Қорғас порты арқылы 304 мыңнан астам көлік жөнелтілген. Оның бір бөлігі жергілікті нарыққа жеткізілсе, қалғаны транзит арқылы өзге мемлекеттерге экспортталған. Үрімші Кеден басқармасының мәліметінше Қазақстанға 2023 жылы тек автокөлік экспортының өзі 307 пайыздан асқан. Қытайдың Өндіріс және ақпараттық технологиялар министрлігінің мәліметінше былтыр елде жалпы саны 30 миллион көлік шығарылған. Оның 5 миллионы өзге елдерге экспортталған. Қытайдың бұл жетістігін әлемнің үздік автоөндірушілері мойындап отыр. Ал сіз Қытай көліктерін мойындайсыз ба?