Ағайын-туыс пен қалай араласу керек, қандай қағидалар сақталуы тиіс. Жақын араласа келе, көп нәрсеге көз жеткізесің. Ағайынмен араласа келе өзіме жанашыр аға мен ініні таптым. «Ағайын бар болса көре алмайды, жоқ болса бере алмайды»,- дегенді де көрдік. Басына бір іс түссе уақытша жақсы араласады да, шаруасы біткен соң, ағайын-туысты ұмытып, ешбір қатыспай қояды. Қайтадан басына іс түсе қалса, өтірік кешірім сұрап, аяғыңа жығылып, жалынып ағайыннан көмек сұрайды. Мұндайды да көрдік. Ал сіз ағайынмен қалай араласып жүрсіз?