«Біздің қоғамда кемтарлығы бар балаларды мүмкіндігі шектеулі деп атайды. Мейлі, мүгедек дегеннен жақсы. Бірақ қоғам өміріне араласуда шынымен мүмкіндігі шектеліп отыр. Білім алу, көшеде жүріп-тұру, өз бетінше қатынау деген нәрселер менің балам үшін ең қиыны. Біріншіден, көшедегі көпшіліктің назары жалғыз өзіне телінеді, екіншіден, оның мүгедек арбасымен қозғалуына ешқандай жағдай жасалмаған. Кабельдік телеарнадан шетелдегі мүгедек балалардың өмірі мен білім алуы туралы деректі фильмдерді жиі көремін, ғаламтордан өз бетімше де іздеп қараймын. Көңіліме медеу болған осы фильмдерде мүгедек балалар арбасымен сабақ оқып, ел қатарлы мектепке барып, қоғамда еш алалау көрмейді. Осындай жағдай біздің елде қашан орнайды?»