Құрамында 95%-тен аз емес табиғи ингредиенті бар құралды табиғи косметика деп атайды. Сондықтан табиғи косметика аларда ең алдымен оның құрамын оқу керек. Табиғи косметиканың құрамында мыналар болмауы керек:
синтетикалық хош иістендіргіштер мен бояғыштар; - жануар шикізаты
парабендер; - петролатумдар мен парафиндер;
ГМА (ГМО);
силикондар; - формальдегид түзетін заттар;
SLS, SLES.
Сондай-ақ косметиканың жасалуы мен шығарылуы экологиялық таза және адам денсаулығына қауіпсіз болуы қажет. Оның қаптамасы мен ыдысы қайта өндірілген материалдан жасалады. Әрине, өз өнімін табиғи косметика ретінде көрсететін өндірушілер де кездеседі. Сондықтан өнімінің сапасымен танылған брендтерге мән беріңіз. Мысалы, эко-брендтер тек табиғи компоненттерді қолданып, косметикасын жануарларға сынамайды.