Алматы мектептерінде оқушыларға берілетін тегін тағамдардың мәзірі өзгеруі мүмкін. Қазір пилоттық жоба қолға алынды. Алматы қалалық білім басқармасы "Ұлттық салауатты тамақтану" орталығының мамандарымен бірлесіп, арнайы мәзір дайындап жатыр. Онда балалар үшін құнарлы әрі әр елдің ұлттық тағам түрлері енгізілмек. Зерттеу жұмыстары мамырға дейін жалғасады. Ол үшін өзге де мамандардың пікірі тыңдалып, шетелдік әдістемелер қолданылып көрмек. Ал сіз не дейсіз?