"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы, Ішкі істер министрлігі және «Сергек» компаниясымен бірге техникалық байқауының мерзімі өткен көліктерді автоматты түрде анықтау үшін пилоттық жобаны іске қосуға дайындалып жатыр. Ал жүргізушілер қазір ақша берсең техникалық байқаудан қиындықсыз өтуге болады дейді. Ғаламторда жарнамалары да қаптап тұр. Мүмкін техникалық байқауды алып тастаған дұрыс болар? Сіз қалай ойлайсыз?