Елімізде қырыққабат пен сәбіздің қымбаттауына қоймадағы былтырғы өнімнің біте бастауы себеп екен. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осылай жауап қатты. «Ерте пісетін көкөністер қымбатырақ болып тұр. Олар оңтүстік өңірлер мен іргелес мемлекеттерден жеткізіледі. Тапшылық туындамас үшін көкөніс сақтайтын қоймалардың санын арттыру жайын қарап жатырмыз», деді министр. Неге бізде көкөністер қымбаттай береді. Біресе, картоп, біресе, сәбіз, енді қырықжапырақ. Неге бұлай, сіз қалай ойлайсыз?