Соңғы жылдары ел тұрғындары сырқатына ем іздеймін деп жүздеген млрд теңгесін шығындапты. Қазақстандықтардың денсаулығын түзетуге жұмсаған қаржы көлемі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген нормадан екі есе жоғары екені анықталды. Себебі елімізде жағдайы жақсы, қалталы азаматтар тегін емханадан көрі ақылы медициналық клиникаға жүгінгенді жөн көреді екен. Неліктен?