Сарапшылардың болжамынша 2023 жылдың соңында Қазақстанда сатылған Қытай автокөліктерінің үлесі 15%-дан асып кетуі мүмкін. Бұл көрсеткішке жетуі үшін жыл соңына дейін елімізде 18 566 қытайлық авто сатылуы керек. Әзірге көрсеткіш артығымен орындалып отыр. Қаңтар мен наурыз аралығында елімізде 37,3 мың автокөлік саудаланды. Оның ішінде Қытайда шығарылғандардың үлесі 17,7% құраған Ал сіздің ойыңыз қандай, Қытай көлігін сатып алғыңыз келе ме?