Қазақстанда қаржы пирамидасының құрбандарының жалпы саны үш есе артқан.
Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша елімізде «Қаржы пирамидасын құру және басқару» бабы бойынша 45 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,3%-ға аз.
Өңірлер бойынша салыстыратын болсақ, Алматы қаласында «Қаржы пирамидасын құру және басқару» бабы бойынша ең көп қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бір жыл бұрын бұл қалада 4 оқиға тіркелген болса, осы жылы 7 жағдай, ал Шығыс Қазақстан облысында биыл 5 жағдай тіркелген болса, бір жыл бұрын 2 жағдай болған. Астанада биыл да, өткен жылы да 4 жағдай тіркелген. Алданғандар саны Абай, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласында көп. Бұл өңірлердің әрқайсысында қаржы пирамидасына қатысты 3 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Ал сіз аляқтарға алданып па едіңіз?