17 қарашада еліміздің барлық мектебінде бір мезгілде ұлттық ойындар челленджі өтеді. Оқушылар "Бес табан" және "Бес асық" ойындарын ойнайды. Мақсат – білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу. Ұлттық ойындар – адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар. Осындай қлттық ойындарға сіздің балаңыз жақын ба?