«АрселорМиттал Теміртау» басшысы күніне 1 млн теңге жалақы алып келген.
Компания өзінің басқарушысы Палаватху Кришнан Наир Биджуға 2021 жылы айына 31 млн 300 мың теңге төлеп келген. 2022 жылдың тамызында тапсырылған соңғы мәлімет бойынша АрселорМиттал компаниясының таза кірісі 215 млрд теңге болған. Кеншілер жалақысының төмен екенін білеміз. Ал басшының осынша мол жалақы алғаны дұрыс па?