"Бұл қаражат, яғни Ұлттық қордан түсетін инвестициялық кірістің 50 пайызы баланың меншігінде болады. 18 жасқа, кәмелетке толған жігіт немесе қыз бұл қаражатты пайдаланып, білім алуға немесе жылжымайтын мүлік сатып алуға бағыттай алады. Сондықтан, бұл жерде ата-ана туралы әңгіме жоқ", - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.