Шетел клиникаларында емдеу іс-шаралары бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы ҚР ДСМ 45 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
ТМККК шеңберінде шетелде емделетін аурулардың тізіміне мыналар кіреді:
Мидың хирургиялық қол жетпейтін функционалды маңызды аймақтарында орналасуына байланысты радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ) қажет ететін артериовеноздық мальформациялар мен ісіктер.
Эндоваскулярлық емдеуге арналған ми діңі, жұлын тамырларының артериовенозды мальформациялары және артериялық аневризмдер.
Трансоральды алып тастау үшін бас сүйегінің негізінің ісіктері.
Радиохирургиялық емдеуді қажет ететін көздің қатерлі ісіктері (гамма-пышақ, радиоактивті аппликаторлар).
Кератопротездеу.
Ересектер мен балалардың гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық және туыстық транспланттауды қоспағанда, тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауды талап ететін аурулар, Қазақстан Республикасында талап етілетін технологиялардың болмауына байланысты емдеудің осы әдістемесі орындалмайтын аурулардан басқа, сондай-ақ мөлдір қабықты транспланттау.
Көмейдің стенозы.
Кеңірдек стенозы.
Lu (лютеций) 177 изотопымен радионуклидтік терапиямен нейроэндокриндік ісіктер.