Егер адам басқа ЖСН -ге жарна төлеген болса, енгізілген күн немесе деректер қате болса, ақшаны қайтаруға немесе басқа мерзімге қайта төлеуге бола ма?
МӘМС үшін төлемдерді басқа кезеңдерге қайта бөлу мүмкін емес, бірақ оларды қайтаруға болады. Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтініш жазып, төлемді растайтын құжаттарды тіркеу қажет.
Мемлекеттік корпорациялар мекен-жайынgov4c.kz сайтынан табуға боладыӨтінішті қарау 15 жұмыс күнінен аспайды.
Мемлекеттік корпорация келесі себептер бойынша ақшаны қайтармайды:
Өтініште банктік деректемелер қате көрсетілсе
Өтініш ҚР ДСМ 2017 ж. 30 маусымдағы N478 бұйрығында бекітілгентүрінде жазылмаса
Өтініште қайтару себептері қате көрсетілсе
Өтінішке құжаттардың толық пакеті бекітілмесе
Егер ақшаны қайтаруға ешқандай негіз болмаса
Егер ақпарат мемлекеттік органдардың жүйелерімен расталмаса
Егер қайтаруды ҚР аумағына уақытша келген шетел азаматы рәсімдесе(немесе шетел азаматының отбасы мүшесі)