Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев жүргізуші жол жағдайының нашарлығына байланысты жол апатына ұшырап, көлігін бүлдірген жағдайда мемлекеттен өтемақы талап ете ала ма деген сұраққа жауап берді. Қожаевтың айтуынша, автокөлік жүргізушілерінің мұндай құқығы бар және олар оны пайдаланады.
"Әрине, егер жол апатының себебі жолдың нашар сапасынан деп танылса, соның салдарынан жүргізушінің апаттың алдын алуға мүмкіндігі болмаса, ол сотқа жүгінуге құқылы және осындай деректер бар. Жүргізушілер көлік пен мүлікке келтірілген зиян үшін өтемақы алады", - деп жауап берді министрдің орынбасары.