Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник оқушылардың денсаулығына қатысты басты патологияларды атады. «Жеткіншектер арасындағы бірінші мәселе көру қабілетінің бұзылуы, екінші кезекте орталық жүйке жүйесінің патологиясы, ал үшінші орында денесін тік ұстау мәселесі. Семіздікте оқушылар арасында маңызды мәселе болып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі тәтті әрі газдалған сусындарға акцизді арттырудың бастамашысы. Аталған сусындарда қант концентрациясы өте жоғары. Бұл балалардың денсаулығына қауіпті, ол қант диабеті мен семіздікке шалдығуға алып келеді екен. Балаларды бұл қауіптен қалай сақтауға болады?