Әлеуметтік кодекстің 40-бабына сәйкес, міндетті зейнетақы жарнасының салымшылары өзінің зейнетақы жинағын мұраға қалдыра алады. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда ол ақшаны заң бойынша мұра етіп алуға болады.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, қайтыс болған адамның отбасы мүшелері ғана мұрагер болып саналады. Зейнетақы жинағын мұра етіп алу үшін алдымен БЖЗҚ-ның кеңсесіне барып, өтініш жазу керек.