«Азаматтарға арналған үкімет» МК бірқатар санаттағы азаматтардың паспортты тегін рәсімдей алады.Шетелге шығарда әрбір баланың жеке паспорты болуы қажет. Ал бұл құжат ХҚО-да 12 жасқа толмаған балалар үшін әр 5 жыл сайын рәсімделеді.
Кейде балалар өскен сайын түрі де өзгереді. Мұндайда шекарада келеңсіз жағдайға тап болмас үшін төлқұжаттың мерзімі аяқталмаса да ауыстыру қажет. Ата-анасының бірі шетел азаматы болса, оның нотариалды куәландырылған келісімі керек.