Дүкенге баламен бару оңай емес. Бала көзі қызыққан нәрсені сұрайды. Сондай-ақ кейде бала дүкеннің ішінде жүгіріп келе жатып немесе ыңғайсыз қозғалып қалып, байқамай ондағы заттарды сындырып алады. Ал кейде қалағанын алып бермеген соң, ата-анасына ашуланып, қолындағы дүкеннің затын жерге лақтыра салуы мүмкін. Қандай жағдайда ата-ана тауардың бағасын төлеуге міндетті? Ал қандай жағдайда төлемеуге құқығы бар?