Инновациялық технологиялар мен цифрлық сервистердің қарқынды дамуы, сондай-ақ азаматтардың қаржылық сауаттылығының жеткіліксіздігінен интернет-алаяқтық кеңінен таралып жатыр. Кейінгі 5 жыл ішінде олардың саны 40 есе өсті. Атап айтқанда 2018 жылы 517-ден 2022 жылы 20,5 мыңға дейін көбейген. Мәлім болғандай, соңғы 5 жылда интернет-алаяқтар азаматтарға 22 млрд теңгеден аса залал келтірген. Зардап шеккендердің көбісі әйелдер. Сіз де алаяққа жем болған жоқсыз ба?