Толық тарқататын болсақ, табиғатқа деген жауапкершілікті мемлекет пен адам бөліп алуы ләзім. Ең алдымен, орман алқаптарында арнайы нұсқаулық ілінуі керек. Онда тұлғаның мемлекет қамқорындағы нысанда, атап айтқанда, орманда, саяжайда және тағы да басқа туристік алқапта өзін-өзі ұстау этикасы және болуы мүмкін өрттің алдын алу шаралары мен төтенше жағдайдағы алғашқы көмек туралы жазылуы тиіс. Одан бөлек, кез келген оқу орнында, мемлекеттік және жеке мекемеде өрт қаупі жайында ағартушылық іс-шара болғаны дұрыс. Мәселен, өрт туғандағы ең тиімді әдіс минералданған жолақ құру екенін көбі біле бермейді.
Ал мемлекеттің мойнындағы міндеттерге келетін болсақ, ең алдымен, жоғарыда атап өтілген іс-шараларды сапалы ұйымдастырудан бастаған жөн. Барлық елді мекендегі жағдай жіті бақылауда болуы керек, әсіресе, көктем-жаз мезгілдерінде екі есе көңіл бөлінуі тиі