Еліміз аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу тәртібі айқындалды. Мәдениет және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, қазір қазақ тіліндегі киноконтетке сұраныс жоғары екен. Сол себепті Министрлік қазақ тіліне дубляжданатын шетелдік блокбастерлердің санын жыл сайын арттырмақ. Биыл 15 фильмді дубляждау жоспарланыпты. Сіз кинотеатрға барып, қазақ тіліндегі сөйлейтін фильмдерді көріп жүрсіз бе, Қазақша кино сізге ұнай ма?