Елімізде 130-дан аса жоғары оқу орны бар. Осы білім ошақтары сапалы мамандар даярлап жатыр ма?
Ресми дерекке сүйенсек, Қазақстанда 15-28 жас аралығындағы 84,7 мың жұмыссыз тіркелген. Осы мәселені қазір жастар өз бетінше шешуге кіріскен. Жұмыссыз жастардың жоғары білімі, дипломы бар, алайда тұрақты жұмысы жоқ. Неліктен? Бұған не себеп?