Мамандардың айтуынша, оқушылар назары гаджеттерге ауып, оқу үлгерімі төмендеп кеткен. Сондай-ақ ұялы телефонға телмірген балалардың көру қабілеті де көңіл көншітпейді. ЮНЕСКО-ның зерттеулері бойынша мектептерде технологиялық құрылғылар, әсіресе смартфондар мен компьютерлерді оқушылар тым көп қолданады. Сарапшылар тек қажетіне қарай пайдаланып, бұл істі тәжірибелі ұстаздар басқаруы тиіс дейді. Соңғы 20 жылда көптеген мектептерде қағаздың орнына экрандарды қолдана бастады. Оқушылар кітап оқымай, интернеттен ақпарат алатын болды. Бұл дұрыс па, қалай ойлайсыз?