Электр самокатта тамақ пен жолаушы тасымалдауға тыйым салынады. Самокат жүргізушілер жол қиылысы мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өтуі керек. Бүгін депутаттар осындай заң қабылдады. Енді электр самокаттың жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне жол беріледі. Алайда, бұл үшін жүргізуші 18 жасқа толуы және шлем киюі керек. Сондай-ақ оның үстінде жарық шағылыстыратын киім мен кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет. Жаңа заңды қолдайсыз ба? Жігіттердің самокатпен тамақ тасығанына қалай қарайсыз? Бұл қаншалықты қауіпті деп ойлайсыз?