Астанада ұялы байланыс компаниясының абоненттері Интернетке қосылуда қиындықтарға тап болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде қолданушылар жазып жатыр. Елорда тұрғындары Activ мобильді компаниясының Instagram-парақшасындағы жазбаларына байланыс пен желінің жоқтығы туралы пікір қалдырып жатыр. Кейбіреулер Қарағандыда да осындай мәселелер бар екенін айтады. Басқалары мұндай ақаулар бүкіл елде кең таралған деп болжап жатыр. Ал сіз тұратын қалада интернетке қсоылу қиын емес пе?