GSMA қауымдастығының (бүкіл әлем бойынша ұялы байланыс операторларының мүддесін қорғайтын ұйым – ред.) сарапшылары Қазақстандағы ұялы байланыстың тарифі көптеген елмен салыстырғанда айтарлықтай төмен екенін, мұндай төмен баға цифрландыру саласын дамытуға кедергі болып отырғанын айтады. Тарифтерді мемлекет деңгейінде реттеу нарық заңдылықтары мен байланыс операторларының бизнес моделін бұзады. Бұл желілер инфрақұрылымына инвестиция тартуды қиындатады. Осыдан келіп қызмет сапасы нашарлайды, дейді мамандар. Нашар интернетте тек осы мәселе себеп болып отыр ма?